Accessibility links

Украина мен Ресей әскери-теңіз флотына қатысты келісімді бекітті


Украина парламенті Қара теңіздегі Ресей әскери-теңіз флотының 2042 жылға дейін болуына рұқсат беретін келісімді бекітті. Мыңдаған адам бұл келісімге наразылық танытып, парламент ғимараты алдында шеру өткізді.

Сейсенбі күні Верховная Рададағы 238 депутат аталмыш келісімді қолдап дауыс берді. Ресей мен Украина президенттері жасаған келісімнің бекітілуі үшін парламентте құжатты қолдаған 226 дауыс берілсе жеткілікті болатын. Севастопольдегі Ресейдің әскери-теңіз флотының жалдау мерзімін тағы 25 жылға созу туралы келісімге Дмитрий Медведев пен Виктор Янукович Харьков қаласында қол жеткізген еді.

Украина оппозициясы аталмыш келісімді ұлттық мүдделерге қайшы келеді деп айыптады.

Екі ел арасындағы келісімді Ресей парламенті де бекітті деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG