Accessibility links

Талибан шабуылынан 3 адам құрбан болды


Ауғанстанның солтүстігіндегі зымыран шабуылдарынан үш қарапайым азамат қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Ресми өкілдердің айтуынша, алғашқы шабуыл дүйсенбі күні кешке Құндыз өлкесінің Дашти Арчи ауданындағы Нахр Суфи мен Заман Шахр ауылдарында болған. Талибанның зымырандық шабуылынан үш тұрғын қаза тапқан, олардың екеуі балалар деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Сонымен қатар сейсенбі күні Кабулдағы үкімет ғимаратына белгісіз жерден зымыран атылған. Зардап шеккенден туралы мәлімет келіп түспеді.
XS
SM
MD
LG