Accessibility links

АҚШ сенаторы Жовтистің ісіне қатысты сот шешімін сынады


АҚШ Хельсинки комиссиясының төрағасы сенатор Бенджамин Кардин Қазақстан Жоғарғы сотының құқыққорғаушы Евгений Жовтиске қатысты сот шешімін қайта қараудан бас тартқандығына байланысты көңілі қалғанын мәлімдеді. Оған АҚШ конргесмені Элси Хастингс те қосылып отыр. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Кардиннің айтуынша, сәуірдің 11-де АҚШ президенті Барак Обама қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Жовтистің мәселесін көтерген. Бұл іс қайта қаралады деп үміттенген едік дейді Элси Хастингс.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис адам қазасына әкелген жол-көлік апаты бойынша айыпты деп танылып, былтыр қыркүйек айында 4 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG