Accessibility links

Норвегия мен Ресей даулы жерге байланысты ымыраға келді


Ресей мен Норвегия президенттері Баренц теңізіндегі ұзаққа созылған даулы аумақты қалай пайдалану жөніндегі алдын-ала келісімге қол жеткізгендерін мәлімдеді. Норвегияға мемлекеттік сапармен барған Медведевтің айтуынша, екі ел шекаралық мәселені аяқтауға келіскен.

1970 жылдан бері Норвегия мен Совет одағы, қазір Ресей Баренц теңізіндегі 176 мың шаршы километрлік жерге байланысты дауласып келеді. Бұл аумақта ірі мұнай мен газ қоры бар делінеді.

Медведев Норвегиядан кейін Данияға аттанады.
XS
SM
MD
LG