Accessibility links

Ресей Федерация кеңесі Украинамен арадағы келісімді бекітпек


Ресей парламентінің жоғарғы палатасы Украинадағы Ресейдің әскери-теңіз флотының жалдау мерзімін тағы 25 жылға созу туралы келісімді бекітеді. Федерация кеңесінде бүгін дауыс берілмек. Бұл келісімді сейсенбі күні Украина парламенті мен Ресей Думасы мақұлдады.

Жоғарғы Рададағы талқылаулар депутаттардың төбелесуіне ұласты. Украина оппозициясы аталмыш келісімді ұлттық мүдделерге қайшы келеді деп айыптады.
XS
SM
MD
LG