Accessibility links

Қарызға батқан Грекияға қатысты келіссөздер жалғасып жатыр


Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпуйдың мәлімдеуінше, Грекияның экономикалық дағдарысына байланысты келіссөздер жалғасып жатыр. Мамырдың 10-да ЕуроОдақ басшыларының жиыны өтуі мүмкін деді Ромпуй.

Халықаралық валюта қорының жетекшісі Доминик Страусс-Кан Франция басылымына берген сұхбатында қарызға батқан Грекия қаржыға қол жеткізу қиын болатынын түсінуі қажет деп атап көрсетті.

Сейсенбі күні Standard and Poor's агенттігі Грекияның несиелік көрсеткішін "инвестиция құюға қауіпті ел" деген категориясына дейін төмендетті. Сонымен қатар Португалияның да рейтінгі төмендеді.
XS
SM
MD
LG