Accessibility links

Табиғи ақиқаттар жәрмеңкесі


Қазақ блоггері Е.Оспан
Қазақ блоггері Е.Оспан

...Студияда өлі тыныштық орнаған. Барлығымыз экономиканы ат қып мініп, бие қып сауған бір маманды күтіп отырмыз. «Не болса да, сол біледі!» деп қоямыз өзімізше. Келді. Жайғасты.




Жүргізуші:
- Ал, Секе, хош келіпсіз! Сізге маман ретінде бір сұрақ: дағдарыс барысында жұмыс орындарын көбейту үшін не істеу керек?

«Қазір бір амалын айтады. Әйтеуір үкіметтің консультанты болған деді ғой. Жапыратын шығар қазір...». Бір... Екі... Үш:

- Жұмыс орындарын көбейту үшін кәсіпорындар ашуды қолға алу керек!

«А? Енді, жұмыс орындарын көбейту үшін кәсіпорындарды жаппаймыз ғой? Homo sapiens үңгірден шыққаннан бергі ақиқат қой мынауың! Сіз тереңірек қазсаңызшы! Сол кәсіпорындарды көптеп ашу үшін не керек, сол жерін қазбаласайшы бізге!»

Қазбаламады. Одан әрі қарай да адам баласына ана сүтімен бірге берілетін табиғи ақиқаттарды ғұламаның кейпімен сыдыртты. «Ғылыми зерттеумен бекітілген ойларының», «шешімдерінің» қарапайымдылығы сондай, өзімді еленбей қалған данышпандай сезініп, ішім ашыды.

Кейін зер сала келе... мұның эпидемиялық сипаттағы дерт екеніне көзім жетті. Бизнесмендерден «бизнес жасау үшін қаражат керек» дегенді, әкімдерден «халықтың жағдайын жақсарту – бірінші орында» дегенді, дәрігерлерден «сапалы дәрілер керек» (!) дегенді, полициядан «қырағылық қажет» дегенді... қойшы, әйтеуір, барлығынан бәрін естідім.

Жалғастырар едім... Әттең, уақыт тығыз: түскі ас ішу үшін аузым қажет боп тұрғаны...

technosyndrom@gmail.com
XS
SM
MD
LG