Accessibility links

Уақытша қырғыз үкіметі Акаевтің елге оралуына рұқсат бермек


Қырғызстанның уақытша үкіметі бірінші президент Асқар Акаевтың елге оралуына рұқсат беретінін айтып отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Сәрсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде уақытша үкімет басшысының орынбасары Омурбек Текебаев Акаев пен оның отбасының елге оралуына қазанның 10-дағы сайлаулардан кейін мұсат беріледі деп атап көрсетті.

65 жастағы Акаев 2005 жылғы "Қызғалдақ төңкерісі" барысында биліктен кетірілген болатын. Содан бері ол отбасымен бірге Мәскеуде тұрады. Бұрынғы президент Мәскеу мемлекеттік университетінде физика бойынша дәріс береді.

Сәуірдің 27-де Акаевтың қызы Бермет Акаева бұрынғы президенттің отбасы Қырғызстанға баруды жоспарлап отыр деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG