Accessibility links


Өрімталдың “Саудагер” деп аталатын кейінгі мақаласы есіме басымнан өткен бір жайды түсіріп жіберді.

Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім. Жұмыстан өте кеш шығып, тоңазытқышты ашсам дым жоқ. Дүкендердің барлығы жабық болған соң асқазаным ұлып, жақын маңдағы 24 сағаттық дүңгіршекке беттедім.

Барсам, есігі ашық. Қуанып кетіп ішке кірсем, “Есеп айырысып жатырмыз, ештеңе сатпаймыз!” – дейді.

“Апай, қарын ашып кетті, тұшпара ма бірнәрсе алайыншы тым болмаса”- деп жағдай айтқаныма құлақ аспады, жақын маңда өзінен басқа дүкендер жұмыс жасамайтынын біле тұра, билігін сезіп, “кет-кеттеп” айқайға басып бейнебір қарызға сұрап келген бейшара ұқсатып, әлгі апай итермелеп сыртқа шығарып жіберді…

Негізі жылы-жылы сөйлесе мен сияқты аш жылан да ініне қайта кіріп, жылы сөзге тоқ болып таң атқанша шыдар еді ғой. Бірақ әлгі апайдың сөзі аш қарынға қатты өтіп кетті.

“Кекшілмін” деп айтып па едім? Тарантиноның озық үлгісінде ... әділеттілікті қалпына келтірудің қан-жоса түрлі арам жоспарлары пісіп жетіле бастады.

Араға апта салмай, жұмыстан ерте шығып, әлгі супермаркетке азық түлік алуға бардым. Кірсем, әлгі “есеп айрысқыш” апай тұр қайтадан.
Қаным басыма шауып кетті ашудан. Ойымдағының бәрін айтып салғым келді.

Бірақ ақымақ болмайын дедім де, апайға “үш тұшпара, бір келі шұжық, сосын анау тұрған қызыл немене? содан да үш келі салыңыз, мына кәмпиттеріңізден беріңіз, анау печеньеден екі келі салыңыз, томаттан да, ия, анау макарон - қандай макарон? Аа. жоқ ол керек емес, килограмдығын салыңыз, тауықтың аяғынан жақсы жақсысын таңдап салып беріңіз, картоптан ірілеуін таңдап салыңыз, пияз бар ма? Пиязды да салыңыз үш келі. Үсігендерін салмаңыз (ішімнен күлкімді зорға тыйып тұрмын). Тә-әк. капустаны беріңізші. Арғысын берсеңізші. Свежий ма? Дұрыс. Енді лимон салыңыз. Сосын бір жақсы коньяк беріңіз. Жоқ ол емес, сол жағындағысы. Бұдан басқасы жоқ па? і-і-і, ар жақтан іздеп көріңіз. Таптыңыз ба? Во-о-о мінеки бәрекелді. Открыткаларыңыз бар ма? көріңіз қарап көріңіз. Қане? Ие осы болады. Тәәк, енді есептеп беріңіз қанша шықты?
- Пәлен мың, пәлен жүз теңге болды.
- Хм-м-м… Ой жарайды. Орнына қоя салаңызшы бәрін, кейінірек басқа бір дүкеннен алармын…

-!ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ! !ӘІҢҒ;:ҮҰҚӨҺ)!!$*^@&$+!+*#!!!!

Бірақ “есеп айырысқыш” апайдың осы жолғы айтқан ауыр сөздері маған қатты тимеді. Бәлкім, қарным тоқ болғандықтан болар.

http://kozqaras.wordpress.com/

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG