Accessibility links

Ахмадинежад АҚШ визасын алуға өтінім берді


Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад, мамыр айында Ядролық қару-жарақты таратпау туралы шарт бойынша шолу конференциясына қатысу үшін Нью-Йоркке келуді жоспарлап, АҚШ-қа виза алуға өтінім берді, деді АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сюзан Райс.

«Менің білуімше, Ахмадинежад виза алуға өтінім берді», - деді ол.

Бірақ та, Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі бұл мәліметті растаған жоқ. Иран ресмилерінің айтуынша, форумға Техранның атынан нақты кімнің қатысатыны - президент пе, әлде сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки ма, әзірге шешілмеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG