Accessibility links

Мексика шығанағындағы ұңғымадан аққан мұнайдың көлемі ұлғайып отыр


Мексика шығанағында су астындағы платформаның ұңғымасынан ағып жатқан мұнайдың көлемі бес есе көбейген, деп хабарлайды АҚШ-тың жағалау күзеті қызметі. Платформа өткен бейсенбі күні жарылыстан кейін суға батып кеткен.

Апта басында американ билігі, бір жарым мың темрт тереңдікте жатқан бұрғы құбырынан күн сайын мыңдаған беррель мұнай төгіліп, экологиялық апаттың пайда болуын ескерткен еді.

Мексика шығанағындағы апат 2001 жылдан бергі елеулі оқиға болып отыр. 2001 жылы Бразили жағалауында дәл осында платформа жарылып 11 адам көз жұмған еді.


XS
SM
MD
LG