Accessibility links

Бакиев туыстарына қатысты 23 қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрманбек Бакиевтің отбасы мен оның жақындарына қатысты ақшаны жымқырды, оны легализациялады, сыбайлас жемқорлық схемасы бойынша рейдерлік әрекеттер жасады деп барлығы 23 қылмыстық іс қозғалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, осы іске қатысты мемлекетке 2 миллиард сом (шамамен 44 миллион АҚШ доллары) көлемінде шығын келген.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында бұрынғы президенттің екі ұлынан өзге бизнесмен Е.Гуревич, А.Ширшов, банкир М.Надель және өзге де азаматтар бар. Олар сәуірдің 7-сі қарсаңында банк есепшоттары арқылы мемлекеттен 157 миллион доллар алып кеткендігі де хабарланып отыр.

XS
SM
MD
LG