Accessibility links

«Karachaganak Petroleum»-ге тағы бір қылмыстың іс қозғалды


"Karachaganak Petroleum Operating " компаниясының басшылығына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстанның Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
«"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясына қатысты, 2002-2007 жылдарда өз шығыны мен мұнайды шығаруды көбейту арқылы 187 миллиард теңге (шамамен 1,3 миллион АҚШ доллары) қаржы жымқыру фактісіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды", - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын, сәуір айының басында компанияға қатысты алғашқы қылмыстық істің қозғалғандығы хабарланған еді. Ол кезде қылмыстық іс өкілетті орган бекіткен нормадан мұнайды 1 млн. 100 мың тоннаға және конденсатты 94 мың тоннаға артық өндіруіне қатысты қозғалған болатын. Нәтижесінде мемлекетке 104 миллиард теңге көлемінде шығын келген.

Karachaganak Petroleum Operating B.V Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ірі кеніштердің бірі болып табылатын Қарашығанақ кенішін иегруде. Кеніштің ауданы 280 шаршы километр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай мен конденсат және 1,35 трлн текше метр газ деп бағаланады. 1997 жылы қол қойылып, 40 жылға есептелген келісімге сәйкес, компанияғанға қатысушылар арасындағы үлес: British Gaz Group (BG) пен Eni - 32,5%-дан, Chevron - 20% мен «ЛУКОЙЛ» - 15%-дан деп бөлінген.
XS
SM
MD
LG