Accessibility links

Б.Обама мен А.Меркель Грекия жөнінде бір пікірде


АҚШ пен Германия жетекшілері Грекияның теңдессіз қаржы дағдарысына душар болуына байланысты табанды іс-әрекет жасау керек деп есептейді. Президент Барак Обама мен неміс канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні телефонмен әңгімелесуі кезінде осындай бір пікірге келді.

Сол күні-ақ Халықаралық валюта қорының президенті Доминик Стросс-Кан грек дағдарысы еуро аумағына кіретін өзге елдерге де тамыр жаюы мүмкін екенін ескертті.

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Испанияның рейтингісін бір сатыға төмендетті. Соған қарамастан Испания «инвестициялық» көрсеткіштің қақ ортасында қалды. Одан бұрын Standard & Poor's Грекия мен Португалияның рейтингтерін күрт түсірген болатын.

Грекияның орасан зор бюджет тапшылығы Еуропаның ортақ валютасы – еуроның тұрақты қалпына қатер төндірді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG