Accessibility links

Қазақстанда ұлттық доктрина қабылданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасының жобасын мақұлдап, құжат үкіметке жіберілді. Ол туралы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжан хабарлады.

Жобаны әзірлеу барысында қоғамдық, саяси, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың 500-ден астам ұсынысы келіп түскен. Е.Тоғжанның айтуынша, доктринада «Бір ел – бір тағдыр», «Тегі түрлі болса да мүмкіндігі тең», «Ұлттық рухты көтеру» деген принциптер көтеріледі.

«Қазақстан» ұлттық-отаншылдық қозғалысының төрағасы Досмұхамед Нұрахметтің мәлімдеуінше, «қазақ мемлекеттігін сақтау мен дамыту - жаңа доктринаның басты айырмашылығы. Бұл - жобада бастанаяқ көрсетілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG