Accessibility links

Астанада тағы бір зәулім ғимараттан өрт шықты


Бейсенбі күні түн ортасында Астана қаласының Есіл ауданында салынып жатқан «Хан шатыры» ойын-сауық орталығынан шыққан өрт толық өшірілді. Қазақстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлігі осылай деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жаңа құрылыстан өрт шыққаны түнгі 12-ден 15 минут өткенде мәлім болған.

Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше, ғимараттың аумағы 30 шаршы метрге тең ағаштан тұрғызылған беті жана бастапты. Оны сөндіруге 3 автоцистерна мен 13 өрт сөндіруші жұмылдырылып, 40 минут уақыт кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG