Accessibility links

Грек дағдарысы бүкіл әлемді апатқа жеткізуі мүмкін


Халықаралық қоғамнан көмек сұраған Грекияның премьер-министрі Георге Папандреу грек бюджетінің үлкен тапшылығынан туған қаржы дағдарысы Еуропа мен дүние жүзінің экономикасын «апатқа» ұрындыруы мүмкін екенін ескертті.

Бір Грекиядағы қаржы дағдарысы еуро аумағына жататын өзге 15 елдің экономикалық жүйелеріне теріс әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық өсіп барады.

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Испанияның рейтингісін бір сатыға төмендетті. Соған қарамастан Испания «инвестициялық» көрсеткіштің қақ ортасында қалды. Одан бұрын Standard & Poor's Грекия мен Португалияның рейтингтерін күрт түсірген болатын.

Грекияның орасан зор бюджет тапшылығы Еуропаның ортақ валютасы – еуроның тұрақты қалпына қатер төндірді.
XS
SM
MD
LG