Accessibility links

Үнді және Пәкістан премьерлерінің нені талқылағаны белгісіз


Үндістан мен Пәкістанның премьер-министрлері Манмохан Сингх пен Юсуф Реза Гилани талай айға созылған үзілістен кейін бейсенбі күні Бутан елінің астанасы – Тхимпһуда кездесті. Бұл кездесу Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық Ассоциациясы саммитінің сыртында өтті.

Бір сағаттан ұзаққа созылған келіссөздің барысында қандай мәселенің талқыланғаны хабарланбады.

Үндістан 2008 жылғы Мумбай қаласында болған тізбекті террорлық шабуылдарды Пәкістанды паналаған содырлар жүзеге асырды деп айыптап, Пәкістанмен арадағы келіссөздерін үзген болатын. Мумбайдағы қастандықтардан 170-ке жуық адам құрбан болды.

1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздіктерін алғаннан бері Үндістан мен Пәкістан өзара 3 рет соғысты.
XS
SM
MD
LG