Accessibility links

Ауғанстанда депутат әйел АҚШ жауынгерлерін айыптады


Ауғанстанда парламенттің Нангархар өлкесінен сайланған әйел депутаты АҚШ жауынгерлерінің өзінің туған қышлағына тінту жүргізіп, нәтижесінде бір туысын өлтіргенін мәлімдеді.

Депутат Сафия Сидикидің айтуынша, жауынгерлер оның туыстарын байлап, бірін атып өлтірген. Депутат әйел бұл оқиғаны «жабайы қылық» деп бағалады.

Коалициялық күштердің басшылығы ауған армиясының бөлімдерімен бірге коалиция жауынгерлері тәліптердің қолдаушыларын іздестіру барысында «қарулы кісіні» атып өлтіргенін хабарлады. Осы хабарда қарулы кісі қаруын тастауды талап еткен талай бұйрықты орындамаған соң ғана оған оқ атылғаны айтылады.

Қышлақ тұрғындары АҚШ-қа қарсы үндеулер айтып наразылыққа шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG