Accessibility links

Грекия дағдарысы ЕО-ның әлсіздеріне теріс ықпал етуі мүмкін


Бүгін Еуропаның Орталық банкісінің президенті Жан-Клод Трише Грекиядағы бюджет тапшылығынан туған дағдарыс еуро валютасын пайдалатын 16 елдің әлсіздеріне теріс ықпал етуіне жол бермеу үшін, еуро аумағына кіретін елдерді Грекияға көмек беру бағдарламасын тездетуге шақырды.

Осы күні Еуропа Одағының экономика және қаржы-несие мәселелері бойынша арнаулы өкілі Олли Рен Грекияға миллиардтаған еуро мөлшерінде көмек көрсетудің уақыты мен шарттары бойынша Халықаралық валюта қорымен арадағы келіссөздің аяқталуға жақындағанын хабарлады.

Көмек беру бағдарламасының басым бөлігін көтеруге тиіс Германия Грекия өзінің орасан берешегі мен бюджет тапшылығын қысқартудың өміршең жоспарын ұсынғанда ғана көмек беретінін айтып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG