Accessibility links

Бельгияда қоғамдық орындарда пәренже киіп жүруге тыйым салынуы мүмкін


Бейсенбі күні Бельгия парламентінің төменгі палатасы депутаттарының басым көпшілігі қоғамдық орындарда мұсылман әйелдерінің пәренже киіп жүруіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын қолдап дауыс берді. Заң сенаттың қарауына жолданды.

Егер жоғары палата да мақұлдап, заң күшіне енетін болса қоғамдық орындарға пәренже киіп барған адамдар 15-25 еуро көлемінде айыппұл төлейді немесе жеті тәулікке дейін қамауға алынатын болады.

Заң бойынша, қоғамдық орындарда тек мереке не болмаса өзге де мәдени шараларда ғана пәренжемен жүруге болады, оның өзінде жергілікті биліктің рұқсатын алу қажет.

Мұндай заң Еуропада алғаш рет қабылданып отыр. Дәл осындай шектеулер енгізу мәселесі қазіргі кезде Францияда да қызу талқыланып жатыр.
XS
SM
MD
LG