Accessibility links

Бакиев аппаратының бұрынғы басшысы қамалды


Қырғызстан құқыққорғау органдары, қызметін асыра пайдаланды деген айып бойынша президент аппаратының бұрынғы басшысы Каныбек Жороевті қамауға алды.

Тағылған айып бойынша Жороев бір ай көлемінде қамауда болады, қазір ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік қызметтінің уақытша тергеу изоляторында. Жороевтың адвокаты Любовь Иванова, тағылған айыппен келіспейтіндігін және жаза түрін өзгертуді сұрайтындығын мәлімдеді.

Сәуірдің 7-8 күндері Қырғызстанда билікке қарсы толқулар болып, 80-нен аса адам қаза тапты. Шамамен 1500 адам түрлі жарақат алды.

XS
SM
MD
LG