Accessibility links

Өзбекстан Қырғызстанға жіберілетін газ көлемін шектеді


"Кыргызгаз" компаниясының бас директорының орынбасары Кубан Мырзаканов, Өзбекстан Қырғызстанның оңтүстік аймақтарына табиғи газдың жіберілуін шектегендігін хабарлап отыр. Оның сөзінше, сәуір айында тұтынған табиғи газ үшін қырғыз жағы Өзбекстанға 1,3 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз болып қалған.
Уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаева Өзбекстан президентіне "көгілдір отынды" толық көлемде жіберу туралы өтініш айтып, хат жазды. Отунбаева, Қырғызстан жақын арада қарызын төлеп береді деп отыр.
.
XS
SM
MD
LG