Accessibility links

Қырғызстан жастары президенттікке 28 жастан бастап үміткер болғысы келеді


Қырғызстанның «Жаны максат» және «Қырғызстанның жастар корпорациясы» атты жастар ұйымдары, жастардың билікке келуіне мүмкіндік жасау қажет екендігін мәлімдеп отыр. Осы мақсатта олар Қырғызстанның Жогорку Кенеші (парламентіне) 21 жастан ал президенттікке 28 жастан бастап үміткер болуды заңдастыру қажет деп санайды.
Жұма күні Бішкекте өткен баспасөз маслихатында, осы арқылы елдегі маңызды саяси шешімдерді қабылдауда жастар да өз үлесін қоса алатындықтары сөз болды.

Айта кетейік, Қырғызстанда елдің жаңа конституциясының жобасы талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG