Accessibility links

Гректер үкіметтің экономикалық шараларына қарсы


Жұма күні Грекия астанасы Афинада жаңа экономикалық шараларға қарсы шыққан шерушілер полициямен қақтығысып қалды. Шеруге шыққан жүздеген адам қаржы министрлігінің ғимараты алдына жиналды, бірақ полиция жолды бөгеді. Шеруді қуып тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.

Қаржы дағдарысынан зардап шеккен Грекия Еуропа Одағынтың өзге елдері мен Халықаралық валюта қорынан шұғыл көмек тосып отыр.

Сыртқы берешектерін өтей алмай және бюджет тапшылығын жамай алмаған грек үкіметі әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны қысқару және салықты көтеру сынды өте қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG