Accessibility links

Грекияның алдында «аман қалу» мәселесі тұр


Грекия парламентінде сөйлеген сөзінде премьер-министр Георгиос Папандреу Грекияның мемлекеттік қарызы туралы ЕуроОдақпен және Халықаралық валюта қорымен арадағы келіссөздің күн тәртібінде «ұлттың аман қалу» мәселесі тұр деп мәлімдеді.

Папандреу 45 миллиард еуро мөлшеріндегі көмекті - елді дефолтқа жеткізбес үшін - 19 мамырға дейін алу қажеттігін тағы да шегелеп айтты.

Жұма күні Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу Грекиямен арадағы келіссөздің таяу күндері аяқталатынына сенім білдірді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG