Accessibility links

Қырғызстанда төңкерістің шығындары есептелді


Қырғызстанның уақытша үкіметі 6-8 сәуір күндеріндегі халық толқуынан келген шығындардың сомасын есеп шықты.

Бастапқы есеп бойынша, Ақ үйге 800 миллион қырғыз сомының немесе 17 миллион доллардан астам сомаға нұқсан келтірілсе, Бас прокуратураның ғимаратына 64 миллион сомға, ішкі істер министрлігі кеңсесіне шамамен 95 миллион сомға нұқсан келді.

Ақ үйден басқа үкімет кеңселеріне, бастапқы мәлімет бойынша, бас-аяғы 179 миллион сомның зияны тиді.

Қарақшылық жайттары бойынша 119 қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG