Accessibility links

Бакуде полиция жастардың митингісін өткіздірмеді


Бакуде тәртіп сақшылары жастардың осыдан 1 жыл бұрын Мұнай академиясында болған атыстың құрбандарын еске алуға арналған митинг өткізуіне жол бермеді.

30 сәуір күні Грузияның тұрғыны Фарда Гадиров академияның ішіне кіріп, жан-жағына тапаншадан оқ жаудырды. 12 адамды өлтіріп, 13-іншісін жаралаған Гадиров өзін өзі атып өлді.

Осы қайғылы оқиғаның 1 жылдығына байланысты жастар «Террорға жол жоқ!» деген үндеумен еске алу шарасын өткізбек болды. Алайда таңертеңнен-ақ академияның ғимаратын полиция мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері қоршап алды.

Мұнай академиясындағы жаппай кісі өлтіру бойынша осы қылмыске қатысты 4 адам сотқа тартылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG