Accessibility links

Грузин оппозициясы саяси тұтқындарды босатуды талап етеді


30 сәуір күні грузин оппозициясының өкілдері саяси тұтқындарды босату талабымен парламент ғимаратының алдына жиналды. Қаланың орталығындағы көлік жүрісіне бөгет қойылды.

Оппозициялық партиялардың көсемдері митинг өткізбекші. Оппозиция көсемдерінің бірі Леван Гачечиладзенің сөзіне қарағанда, бүгін Грузияда 50-ден астам саяси тұтқын бар.

Жиналған жұрт саяси тұтқындарды дереу босатуды талап етті.
XS
SM
MD
LG