Accessibility links

АҚШ: British Petroleum мұнайдың ағуын тоқтатуды қолға алу керек


АҚШ үкіметі British Petroleum компаниясынан Мексика шығанағында ұңғымадан мұнайдың көптеп ағуын тоқтатуды талап етіп отыр. Хабарларға қарағанда, ол АҚШ жағалауларындағы үш штатқа қауіп төндіріп тұр.

Бритиш Петролеум компаниясының өткен аптада бастаған бұрғылау жұмыстарынан кейін, суға күніне 5 мың баррель мұнай ағып кеткен. Мұнайдың суға қосылуы Құрама Штаттар жағалауындағы қоршаған ортаға ең жаман салдарын тигізеді деген қауіпті күшейтті.

Вашингтон АҚШ-тың жағалауларынан табылған мұнай кеніштерін бұрғылау жұмыстарын Мексика шығанағындағы апатты жағдай реттелгенше тоқтатуды талап етті.
XS
SM
MD
LG