Accessibility links

Грекияда қарыз дағдарысына қатысты наразылық акциялары өтеді


Грекияда 1-ші мамыр дүниежүзілік еңбеккерлер ынтымақтастығы күнінде, елдің қарыз дағдарысын реттеуге қатысты үкіметтің жоспарына наразалық танытқан шаралар өтеді. Осыған байланысты ел билігі қауіпсіздік жағдайын күшейтіп отыр.

Премьер-министр Георгиос Папандреу елді дағдарыстан шығару үшін қысқартулар мен салықты өсіруге бел байлап отырғандарын айтты.

Грекия, Еуропа Одағы және Халықаралық валюта қоры осы демалыс күндері 45 миллиард еуро құтқару көмегін алу үшін Афины жасайтын қосымша қадамдар жөнінде келіссөздерін аяқтайды. Бұл одақтас елдер Грекияны қарыз дағдарысынан құтқару үшін тағы 3 жылға 120 миллиард көмек қаражатын береді деп айтылды.
XS
SM
MD
LG