Accessibility links

Иран Израилге Сирияны қорғап ескерту жасады


Иран егер Израиль Сирияға шабуылдайтын болса, еврей елінің аяғын кесетінін айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Иранның вице-президенті Мохаммад Рида Рахими Дамаскідегі екі күндік сапарын аяқтай келе айтты.

Рахимидің бұл сөзі аймақтағы жағдай ушығып тұрғанда айтылды.

Осы аптаның басында АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Иран мен Сирияны шийттердің «Хезболла» жауынгерлік тобын қаруландырып отыр деп айыптаған. Сонымен қоса өткен айдың басында Израиль президенті Шимон Перес Сирияны «Хезболла»-ға зымыран жеткізіп тұр деп кінәлаған. Дамаск оны жоққа шығарған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG