Accessibility links

Путин Ресей мен Украинаның газ компанияларын біріктіруді ұсынды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин «Газпром» компаниясы мен Украинаның мемлекеттік «Нафтогаз» компаниясын біріктіруді ұсынды. Путин бұл туралы украиналық әріптесі Микола Азаровпен Сочидегі келіссөздерінен кейін айтты.

Ресей үкімет басшысының айтуынша, мемлекеттік «ВТБ» банкі экономикалық дағдарысын реттеу үшін Украинаға 500 миллион доллар беруге дайын деді. Бұл кездесу екі елдің байланыстарын қалпына келтіре бастаған соңғы қадамдардың бірі.

Таяуда Киев Ресейдің газ бағасын 30 пайызға түсіргеніне айырбас ретінде ресейлік теңіз күштеріне Қырымдағы базаны жалға беру мерзімін тағы 25 жылға созған болатын.
XS
SM
MD
LG