Accessibility links

Клинтон: алдағы аптада Таяу Шығыс келіссөздері өтеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль мен палестина арасындағы бейбіт келіссөздерді қалпына келтіруге бағытталған арағайындық келіссөздер алдағы аптада өтеді деп айтты.

Клинтон ханымның айтуынша, АҚШ-тың Таяу шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчель бұл проценсті дамыту үшін аймаққа сапармен барады.

Араб лигасының сыртқы істер министрлерінің сенбі күнгі кездесуінде, Таяу шығыс бойынша жаңа келіссөздерге қолдау танытылады деп хабарланды. Палестина басшысы Махмуд Аббас Израилдің Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салу жоспарына наразылық танытып, наурыз айында ол тікелей емес арағайындық келіссөздерден шығып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG