Accessibility links

АҚШ пен Аустралия Үндістанда террорлық шабуыл болу қаупін ескертті


Сенбі күні Құрама Штаттар мен Аустралия Үндістан астанасында террорлық шабуылдар болу қаупі бар екенін жеткізді.

Үнді еліндегі АҚШ елшілігі мұндай шабуылдарда батыстық туристер жиі нысанаға алынғандықтан, шетелдік саяхатшыларды Нью-Дели орталығында адам көп жиналған жерлерге бармауға кеңес берді.

Аустралия елшілігі де дәл осындай ескерту айтылған хабарламасын жариялады. Үндістанның өзі жікшілдер мен бүлікшілер мекені, бірақ исламшыл террорлық топтар Пәкістанмен шекарада орналасқан.
XS
SM
MD
LG