Accessibility links

Нью-Йорк әкімі "қанды оқиғаның" алды алынды деді


Нью-Йорк қаласының мэрі Майкл Блумберг адам шығыны болуы мүмкін көлік жарылысының алдын алып, Таймс-сквердегі жарылғыш зат залалсыздандырылғанын айтты. Ол бұл туралы баспасөз мәслихатында хабарлап, қалалықтар үлкен бір шабуылдан аман қалды деді.

Блумбергтің айтуынша, жарылғыш зат қойылған күдікті көлік жайында ақпаратты дүкен сатушысы телефонман хабарлаған. Қауіпсіздік қызметкерлері бұл маңдағы адамдарды басқа жаққа көшіргеннен кейін, көлікке орнатылған бірнеше баллон мен уақыт механизмін және тағы басқа жарылғыш заттар құрамын тапқан.

Қазір тергеу жұмыстары басталып, видеожазбалар арқылы күдікті көлік қозғалысын анықтау амалдары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG