Accessibility links

Грекия үкіметі төтенше отырыс өткізеді


Жексенбі күні Грекия үкіметі төтенше отырысқа жиналып, қарыз дағдарысына батқан Афиныға қаржылай қолдау көрсету жөніндегі Еуропа Одағы және Халықаралық валюта қорымен өткен келіссөздердің нәтижесі туралы хабарлайды.

Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, үкімет жиынында премьер-министр Георгиос Папандреу 120 милииард еуро болатын жеңілдік несие жайында айтпақшы.

Сонымен қоса Грекия үкіметі халықаралық көмекті қабылдағанда жасалуы тиіс дағдарысқа қарсы жаңа шаралары туралы хабарлайды.

Сенбі күні Афины көшелеріне үкіметтің әлеуметтік төлемақылар мен салықты өсіруге қарсылықтарын білдірген халық пен полиция қақтығысты.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG