Accessibility links

ХВҚ мен ЕуроОдақ Грекияға қаржылай қолдау танытуға келісті


Жексенбі күні Грекия үкіметінің басшысы Георгиос Папандреу елдің банкротқа ұшырауына жол бермейтін Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорының көмек қаржысы бойынша келісім жасалғанын айтты. Ол бұл туралы үкіметтің төтенше отырысы басталардан бұрын теледидар арқылы жасаған жолдауында мәлімдеді.

Сенбі күні тараптар қарыз дағдарысына батқан Афиныға қаржылай қолдау көрсету жөнінде келіссөздер өткізген болатын. Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының Грекияға ұсынып отырған несиесі алдағы үш жылға беріліп отыр.

Премьер-министр Георгиос Папандреу 120 милииард еуро болатын жеңілдік несиесін алу жолында үкіметтің қатаң шараларды жүзеге асыруға уәде бергенін айтып, бұл шешімнен кейін грекиялық азаматтар көп жағдайда шығындарға тап болады деді.

Сенбі күні Афины көшелеріне үкіметтің әлеуметтік төлемақылар мен салықты өсіруге қарсылықтарын білдірген халық пен полиция қақтығысты.
XS
SM
MD
LG