Accessibility links

Кабулда Иранға қарсы шерулер болып өтті


Жексенбі күні Ауғанстан астанасында Иранға қарсы шеру өтті. Азаттықтың азат ауған редакциясының хабарлауынша, наразылық акциясына қатысушылар Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың суретін өртеген.

Олар өткен аптада Иранда ауған босқындарының азапталып, ауғандық сотталғандардың өлтірілгеніне наразылық танытты. Шерушілер Ауғанстан билігінің бұл жағдайға назар аударуын сұрады.

Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі жақында Иранда бірнеше ауған азаматы есірткі тасымалы және басқа да айыптармен өлім жазасына кесілгенін растады. Бірақ қанша адамның жазаланғанын айтпады.
XS
SM
MD
LG