Accessibility links

ЕуроОдақ Грекияға қаржылай көмектеспек


Еуропа елдері мен Халықаралық валюта қоры осы аптада Грекияға ұсынылатын 110 миллиард еуролық құтқару жоспарын ресми түрде мақұлдамақ. Бұл бір елге жасалайын деп отырған ең ірі құтқару пакеті болмақ.

Оған сәйкес, еуро валютасын пайдаланатын аумақ мүшелері қарызға батқан Афиныды 80 миллиард еуромен қамтамасыз етпек, ал қалған қаржыны Халықаралық валюта қоры беретін болады.

Осыған байланысты Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу жеңілдік несиесін алу жолында үкіметтің қатаң шараларды жүзеге асыруға уәде бергенін айтып, бұл шешімнен кейін грекиялықтар көп жағдайда шығындарға тап болады деді.

ЕуроОдақ жетекшілері жұма күні саммитке жиналып, Грекияға қаржылай көмектесу жоспарын мақұлдамақшы. Бірақ бұған қарамастан, дүйсенбі күні Азияның қор биржаларында еуроның құны құлдырады.
XS
SM
MD
LG