Accessibility links

Мумбайдағы шабуылдарға қатысты сот шешімі шығарылмақ


Үндістан соты 2008 жылғы Мумбай шабуылдарына қатысы бар деп айыпталған Пәкістан азаматына байланысты бүгін шешім шығарады. Мухаммад Ажмал Касаб Мумбайдағы шабуылдарды жүзеге асырған Пәкістандағы исламшыл "Лашкар-е-Таиба" экстремистік тобының мүшелерінің бірі деп айыпталып отыр. Егер ол айыпты деп танылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін.

2008 жылы Мумбайдағы шабуылдардан 166 адам қаза тауып, 300-ден аса адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG