Accessibility links

Пәкістандық "Талибан" басшысының бейнетаспасы жарияланды


"Талибанның" пәкістандық жетекшісі Хакимулла Мехсудтың бейнетаспасы жарияланды деп хабарланып отыр. Осыдан бірнеше ай бұрын Мехсуд АҚШ әуе шабуылында өлтірілді делінген еді. Жауынгерлік топтардың бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын АҚШ-тағы IntelCenter ұйымының мәлімдеуінше, тоғызминуттық таспада Мехсуд өзінің өлімі туралы хабарды жоққа шығарды. Ол сондай-ақ АҚШ-тың ірі қалаларында шабуылдар ұйымдастыратынын хабарлаған.

Сәуірдің 4-де түсірілген бейнетаспада сенбі күні Нью-Йоркте табылған жарылғыш заттар туралы ешнәрсе айтылмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG