Accessibility links

Нью-Йоркте теракт жасауға әрекеттенді деп күдіктелген кісі анықталды


АҚШ-тың арнайы қызметі Нью-Йорктің Таймс-Скверінде теракт жасауға талпынған деп күдіктелетін кісінің кім екендігін анықталды.

Құқық қорғау орғандарындағы дерек көзінің хабарлауынша, бомба табылған автокөлік осыдан бір апта бұрын кімге сатылғаны белгілі болған. Бұл кісі жақында ғана Пәкістанға барып қайтандығы да анықталып отыр.

Бұған дейін АҚШ билігі Таймс-скверде іске аспай қалған терактіні «Әл-Қаида» немесе басқа бір ірі террорлық ұйым ұйымдастырмақ болған деп жариялаған еді.

Нью-Йорктің орталығында сенбі күні кешке бомба қойылған автокөлік табылған болатын. Тұрғындардың бақытына орай, жарылғышты іске асырушы құрылғы бұзылып қалған.
XS
SM
MD
LG