Accessibility links

АҚШ Сирияға қарсы санкцияларын ұзартты


Құрама Штаттар Сирияға қарсы санкцияларын тағы бір жылға созды.

АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, Дамаск террорлық ұйымдарды қолдауын тоқтатпай, жаппай қырып жоятын қару жасауға әрекеттеніп отыр.

Обаманың мәлімдемесінде Сирияның іс-әрекеті әлі де болса АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына қатер төндіріп келеді деп атап көрсетілген.

Дей тұрғанмен, АҚШ президенті Сирия басшылығын ел аумағы арқылы Иракқа өтуге талпынған содырлармен күресін мақтап атап өтті.
XS
SM
MD
LG