Accessibility links

АҚШ ядролық қару-жарақтар туралы мәліметтерін жариялады


Құрама Штаттар алғаш рет өзінің ядролық қару-жарақтары туралы мәліметтерін жария етті.

Қорғаныс министрлігі таратқан ақпарат бойынша, жарамдысы мен қоймадағыларының бәрін қосқанда, елде 5 113 ядролық оқтұмсық бар.
АҚШ-тың ядролық қару-жарағы 1967 жылдан бері 84 пайызға азайған. Осыдан 33 жыл бұрын АҚШ-та 31 мың 225 ядролық оқтұмсық болған еді.

Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-кеңсесінде ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық конференциясында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон жариялылық АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG