Accessibility links

Ұят


Владивостокта пайда болған Сталин плакаттары, 30 сәуір 2010 ж.
Владивостокта пайда болған Сталин плакаттары, 30 сәуір 2010 ж.

Ресейдің Толстойды түсініп оқығанына күмәнім бар. Адамшылықтың сарқылмас қазынасы Толстой: «Адамның хайуаннан айырмасы - ұятында» деп еді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Кеңес әскерінің соғысы – адамшылық, ар-ождан жолындағы гуманистік майдан деуге аузың бармайды. Бірақ, бүкіл Ресейдің телеарнасы жінігіп, киностудиялары тайлы-таяғы қалмай селкілдеп, Кеңестік империя дәуіріндегі ескі әдетпен соғыстың жеңісін культке айналдырып көрсетіп жатыр. Бүгінгі Ресей, бетінің ұшында титтей де болса қызылы болса, 50 миллион боздақты қанға бөктірген соғыстың жеңісін тойлаудан бас тартқан болар еді. Демократияға бет бұрған ел ретінде.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңісін тойлаған қай елді көріп едіңіз?!

Әлде немісте жеңіс жоқ па еді?

Француз кімнен жеңіліп қор болыпты?

Ресей, адамшылығы Толстой мен Достоевскийдей зор болса, осы соғыста жасаған қиянаттарын айтып опынса керек-ті.

«НТВ» - өкінбейді...

«ОРТ» - қымсынбайды!

«Мосфильм» - мәңгілік бала бейне күйінен арылмауда.

Ішінен туған зорлары болмаса, жалпы, Ресей - бала шығар, кім білген? Аздап сауатсыздау, біршама дөрекі, біреуге дөңайбат. Әкіреңбақай. Бізді қойшы, Еуропадан ұялса нетті? Біз деген – түйені жел шайқаса, көктен іздеуге тура келетін пақыр-дағы...

Ресейдікі не әдет екен осы?

arzimas@gmail.com
XS
SM
MD
LG