Accessibility links

Грекияда жалпыұлттық ереуіл басталды


Грекияда, үкіметтің дағдарысқа қарсы қолға алған бағдарламасына наразы жұрт ереуілге шықты. Әуе қатынастары кейінге қалдырылып, көптеген қоғамдық қызметтер жұмыс істемейді.

Сейсенбі күні Афиныда демонстанттар мен полиция арасында қақтығыс болып, наразы топ Акрополь қамалына кіріп "Еуропа халқы, көтеріліңдер!" деген жазуы бар үлкен плакат іліп кеткен.

Грекия үкіметі мемлекеттік шығындар, оның ішінде әлеуметтік төлемдерді кенеттен азайтуға келісім берді. Бұл - алдағы үш жыл ішінде Грекияға 110 миллиард еуро көлемінде халықаралық көмек берудегі негізгі талап болып табылады.

Грекия бюджетінің орасан зор тапшылығы еуроның тұрақтылығына қауіп төндіріп отыр.

XS
SM
MD
LG