Accessibility links

Минск Бакиевті ұстап бермейді


Минск, Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті экстрадициялаудан бас тартады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай әрекет Қырғызстанның уақытша үкіметі үшін нәтижесіз әрекет болып табылады. «Бакиев Беларусь мемлекетінің және президентінің қорғауында», деп мәлім етті Лукашенко.

Қырғызстанның бас прокуратурасы бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің Беларустен экстрадициялануына қатысты шұғыл шараларды қолға алып, ол жөніндегі бұйрыққа уақытша үкіметтің басшысы Роза Отунбаева қол қойды.

Бакиев 85 адамның өмірін қиған қанды қақтығысқа қатысы бар деп айыпталып отыр. Сәуірдің басындағы толқулар барысында Бакиев биліктен құлатылған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG