Accessibility links

Владимир Козлов 15 тәулікке қамалды


"Алға" партиясын тіркеу комитетінің басшысы Владимир Козлов Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамалды. Козлов әкімшілік қамауға алынғандарға арналған абақтыға жабылған.

Полиция қызметкерлері Козловты сәрсенбі күні "Алға" өкілі Михаил Сизовқа қатысты әкімшілік сотқа қатысуға келген кезде ұстаған. Әкімшілік сот Сизовқа 10 айлық есептік көрсеткіш - шамамен 100 доллар көлемінде айыппұл салды.

Бұл екеуіне 1 мамырда рұқсат етілмеген шеру өткізді деген айып тағылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG