Accessibility links

Перуде тағы бір жер сілкінісі тіркелді


Перудің Чилимен шекаралас оңтүстік аймағында қатты жер сілкінісі болды. АҚШ-тың геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпуінің күші Рихтер бағамы бойынша 6,4 балл болған.

Хабарларға қарағанда, жер сілкінісі кезінде Такнада телефон бағаналары құлаған, бірақ адам шығыны туралы мәлімет түскен жоқ.

Чилиде биыл ақпан айындағы зілзала салдарынан 500-ге жуық кісі қаза болды. Содан бері аймақта ондаған әлсіз жерасты дүмпулері тіркелді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG